Менавит ® Бала біту биологиялық белсенді қоспасын қолдану жөніндегі Нұсқаулық

Где купить?

Шығару формасы

Құрамы

Қолдану саласы

Қолдану бойынша ұсыныстар

Дәрумендер мен минералдардың қасиеттері

Қарсы көрсеткіштер

Жарамдылық мерзімі

Сақтау шарттары

Өткеру шарттары

Өндіруші

Импорттаушы / тұтынушылардан шағымдарды қабылдауға Уәкілетті ұйым

 

Менавит® тамаққа қосылатын биологиялық белсенді қоспасы (ББҚ)
Дәрілік зат болып табылмайды.

Менавит® тамаққа қосылатын ББҚ еркектерге бала ұрықтандыруды жоспарлау кезінде қолдануға ұсынылып отыр.

Өнімді мемлекеттік тіркеу туралы куәлік

No RU.77.99.11.003.R.003414.09.21, 08.09.2021 ж.

Салмағы 1155 мг үлдір қабықшамен көмкерілген таблеткалар.

Микрокристалдық целлюлоза тасымалдағышы, L-аскорбин қышқылы, үлдірлі көмкерме (қо- юлатқыштар: гидроксипропилцеллюлоза, гидроксипропилметилцеллюлоза; нығыздауға қарсы тальк агенті, бояғыштар: титан қостотығы, индигокармин, бриллианттік көгілдір FCF), L-карнитин L-тартраты, DL-альфа-токоферол ацетаты, мырыш цитраты, кроскарамеллоза тасымалдағышы, эфир крахмалы мен октенилянтарлық қышқыл натрий тұзының тасымалдағышы, DL-альфа-токоферол, мальтодекстрин, кремний қостотығының нығыздауға қарсы агенті, стеарин қышқылы магний тұзы майшытқысы, кальций карбонатының тұрақтандырғышы, ликопин, пиридоксин гидрохлориді, фолий қышқылы, натрий селениті, қышқылдықты реттегіштер: лимон қышқылы, 3-ші ауыстырылған натрий цитраты; цианокобаламин.

Е, B6, B12, С витаминдерінің, фолий қышқылы, мырыш, селен; L-карнитин мен ликопеннің қосымша көзі – халыққа арналған тамаққа қосылатын биологиялық бел- сенді қоспа ретінде.

Еркектерге – тамақтану уақытында күніне 1 таблеткадан. Қабылдау ұзақтығы – 1 ай. Қолданар алдында дәрігермен кеңесу ұсынылады.

Тағамдық заттар1 таблетканың ішіндегісі% тәуліктік тұтынудың ұсынылатын деңгейі1/ % тәуліктік тұтынудың бара-бар деңгейі2
Е дәрумені, мг30300*
В6 дәрумені, мг1,365
В12 дәрумені, мкг2,4240*
С дәрумені, мг180300*
Фолий қышқылы, мкг400200*
Мырыш, мг15100
Селен, мкг6086
L-карнитин, мг 172
Ликопин, мг6120*2

1 КО TP 022/2011 «Азық-түлік өнімдері олардың таңбалануы бөлігінде».

2 ЕурАзЭҚ «Санитарлық-эпидемиологиялық қадағалауға (бақылауға) жататын тауарларға қойылатын бірыңғай санитарлық-эпидемиологиялық және гигиеналық талаптар».

* тұтынудың рұқсат етілген жоғарғы деңгейінен аспайды.

1 таблетканың тағамдық құндылығы: көмірсуы – 0,1 г, тағамдық талшығы – 0,6 г, энергетикалық құндылығы – 3,1 кДж (0,7 ккал).

Менавит® тамаққа қосылатын ББҚ құрамындағы ком-понеттерінің шәуьеттің сапасы мен мөлшерін жақсартатыны, соның арқасында табиғи түрде бала ұрықтандырудың ұзақ күтілген сәті түсетіні дәлелденген.

  • Фолий қышқылы жасушалардың бөлінуі кезінде генетикалық материалын «дұрыс көшіру» үшін қажет, сондықтан осы дәрумен хромосомдық ауытқулар мен туа біткен даму кемшіліктерінің, болашақта бала денсаулығының жақсы дамуының қаупін азайтады;
  • селен мен L-карнитин бала ұрықтандыру мүмкіндігін ұзарту үшін шәуһеттің мөлшерін, жылжуын айтарлықтай арттырады, жыныстық құмарлануға оң ықпалын тигізеді;
  • мырыш еркектің ұрпақ жаңғырту жүйесінің дұрыс жұмыс істеуі үшін негізгі еркек гормонының – тестостеронның қажетті деңгейін ұстап тұрады, бұл бала ұрықтандыруды күту мерзімін азайтады;
  • күшті тотықсыздандырғыштармен С және Е дәрумендерімен кешендегі ликопин мен L-карнитин шәуһет жасушаларын қоршаған ортаның қолайсыз ықпалынан, темекі шегу және алкоголь ішудің салдарынан қорғауға септігін тигізеді;

Компоненттерді жекелей көтере алмау. Тәуліктік ұсы- нылатын мөлшерден асырмаңыз.

2 жыл.

Балалардың қолы жетпейтін жерде 25 °C-дан аспайтын температурада түпнұсқалық қаптамада сақтау керек.

Өткеру орындары Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің ұлттық заңнамасында айқындалады.

Сигмар Италия С.п.А., Италия, 24011 Альме (БГ), Сомбрено көшесі, 11

Қазақстан Республикасы мен Қырғыз Республикасы аумағында:
«Байер КАЗ» ЖШС
050057, Алматы қ., Тимирязев к-сі, 42, 15 павильон, 301 кеңсе, Қазақстан
Tел. +7 727 258 80 40
Факс: +7 727 244 70 01
www.bayer.ru

Бұл дәрі емес. Бад. Қарсы көрсеткіштер бар.