Элевит® Бала біту биологиялық белсенді қоспасын қолдану жөніндегі Нұсқаулық

Где купить?

Шығару формасы

Құрамы

Қолдану саласы

Қолдану бойынша ұсыныстар

Дәрумендер мен минералдардың қасиеттері

Қарсы көрсеткіштер

Жарамдылық мерзімі

Сақтау шарттары

Өткеру шарттары

Өндіруші

Импорттаушы / тұтынушылардан шағымдарды қабылдауға Уәкілетті ұйым

 

Элевит® Бала біту тамаққа қосылатын биологиялық белсенді қоспасы (ББҚ)
Дәрілік зат болып табылмайды.

Элевит® т.б. Бала біту тағамға ББҚ ұрықтандыруды жоспарлау кезінде әйелдерге қолдану үшін ұсынылады.

Мемлекеттік тіркеу туралы куәлігі

No RU.77.99.11.003.R.003804.11.22, 02.11.2022 ж.

Массасы 605 мг капсулалар.

Инозит (мио-инозитол және D-хиро-инозитол түрінде), желатинді капсула (желатин, бояу титанның қос тотығы), біріктіруге қарсы агенттер: аморфты кремний қос тотығы және стеарин қышқылының магний тұзы, пиридоксин гидрохлориді, тиамин гидрохлориді, лактоза, кальций L-метилфолаты, цианокобаламин.

Тағамға биологиялық белсенді қоспа – В1, В6, В12 дәрумендері, фолий қышқылы, инозитол қосымша көзі ретінде.

Жүктілікті жоспарлап отырған әйелдер және жүктіліктің бірінші триместрі кезеңінде тамақтану кезінде күніне 1 рет 2 капсуладан қабылдау керек. Қабылдау ұзақтығы – 1 ай.

Тағамдық және биологиялық белсенді заттарТәуліктік дозадағы құрамы (2 капсулада)Әйелдердің тәуліктік қажеттіліктерін қанағаттандыру дәрежесі, %1Әйелдердің тәуліктік қажеттіліктерін қанағаттандыру
дәрежесі (1 триместр), %1
Инозит, мг
- мио-инозитол формасында, мг
- D-хиро-инозитолы формасында, мг
1000200*200*
975,61--
25,61--
Фолаттар: Метафолин® (кальций L-метилфолаты формасында), мкг фолий қышқылына қайта есептегенде, мкг508--
40010067
В1 дәрумені, мг2,25150*150*
В6 дәрумен, мг3150*150*
В12 дәрумені, мкг4,50150*150*

1 «Ресей Федерациясы халқының әртүрлі топтары үшін энергия мен тағамдық заттардың физиологиялық қажеттіліктерінің нормалары» ӘҰ 2.3.1.0253-21 сәйкес әйелдерге арналған физиологиялық қажеттіліктердің нормаларының %-ы.

* тұтынудың жоғарғы рұқсат етілген деңгейінен аспайды.

Тағамдық құндылығы (1 капсула): көмірсулар – 0,0008 г, ақуыздар – 0,095 г.

Энергетикалық құндылығы (1 капсула): 1,628 кДж/ 0,383 ккал.

Инозитол тұрақты етеккір циклі, овуляцияны, сау аналық жасушалардың жетілу процесін қолдайды, бұл ұрықтану мүмкіндігін арттырады және жүктіліктің басталу мерзімін жеделдетеді.

Екі белсенді формадағы Инозитол – бұлар метаболизмді белсендіретін мио-инозитол және жыныстық гормон- дардың деңгейін қалыпқа келтіретін D-хиро-инозитол.

Олар 40:1 пропорциясында кездеседі, бұл олардың адам қан плазмасындағы физиологиялық арақатынасына сәйкес келеді. Дәл осы біріктірім қалыпты етеккір циклін сақтауда өте жақсы әсер етеді.

Метафолин® фолий қышқылының заманауи формуласы болып табылады, оны фолий алмасуына генетикалық ерекшеліктеріне қарамастан барлық әйелдердің сіңеді.

Организмді фолаттармен қанықтыру аналық жасуша- лардың жетілу процесін және сапасын жақсартады, соның арқасында сау бала біту мүмкіндігі артады.

Фолаттармен жеткілікті қамтамасыз ету жүктіліктің ерте кезеңдерінде және дамымаған жүктілікте өздігінен түсіп қалу қаупін азайтуға көмектеседі.

В тобының дәрумендері фолаттардың толық сіңуі үшін қажет. Осы дәрумендермен барабар қамтамасыз етусіз фолаттар қабылдаудың әсеріне қол жеткізілмейді.

Компоненттерін жекелей көтере алмаушылық.

Ұсынылатын тәуліктік мөлшерден асырмаңыз.

Қолданар алдында дәрігермен кеңесу ұсынылады.

2 жыл.

Түрнұсқалық қаптамада балалардың қолы жетпейтін жерде, 5°С-ден 25°С-ге дейінгі температурада және қоршаған ауаның салыстырмалы ылғалдылығы 65%-дан аспайтын жерде сақтау керек.

Өткерілетін жерлері Еуразиялық экономикалық одаққа қатысушы мүше мемлекеттердің ұлттық заңнамасы арқылы анықталады.

«ВТФ» ЖШҚ, 601125, Ресей, Владимирская обл., Петушинский ауданы, Вольгинский кенті, Заводская к-сі, 107 құр.

«Байер КАЗ» ЖШС
Тимирязев к-сі, 42, «Экспо-Сити» бизнес орталығы, 15 пав. 050057 Алматы, Қазақстан Республикасы
Тел. +7 701 715 78 46
Факс: +7 727 244 70 01

Бұл дәрі емес. Бад. Қарсы көрсеткіштер бар.